
Иран астанасы Тегеранда көп қабатты ғимарат құлады. 30-дан аса адам үйінді астында қалған. Интернетте 17 қабатты ғимараттың құлаған сәті түсірілген видео тарады.
Baq.kz хабарлағандай, оқиға орнында жүрген кейбір ресми өкілдердің ақпаратына сүйенсек, 30 өрт сөндіруші, 2 тілші және бірнеше сауда орнының иелері үйінді астында қалған.
Бұған қоса, ғимараттың опырылып құлауынан газ жарылуы мүмкін деген қауіп бар, сол себепті тұрғындарға апат болған ауданнан кетуге кеңес берілді. Соңғы дерек бойынша ғимараттың қирауы мен өрт салдарыан 38 адам жапа шеккен.
Бұған дейін, Тегерандағы ең ескі биік ғимарат саналатын 17 қабатты «Пласкодан» жергілікті уақытпен таңғы сегіздер шамасында өрт шыққаны хабарланған еді. ТЖ туралы хабар келісімен 200-ге тарта өрт сөндіруші оқиға орнына аттанып, 3,5 сағат бойы тілсіз жаумен күресті. Ирандағы бұл ғимарат 1962 жылы бой көтерген. Ескі нысанда киім-кешек дүкендері орналасқан екен.
https://www.youtube.com/watch?v=Kk0l2iH0JjM&feature=youtu.be