jasqazaq.kz

Иран президентінің саясатын жоғары бағалады

22 желтоқсан 2016, 13:24

Иран Президенті жүргізіп отырған саясат бүкіл Каспий төңірегіндегі елдер үшін өте пайдалы. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханимен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізіп жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Иран Қазақстан үшін мұсылман әлеміндегі ең маңызды әріптес және Каспий жағалауындағы тату көрші, дос деп санаймыз. Сіздің кейінгі кездегі ядролық мәселені шешуде жасаған зор еңбегіңізді біз, Қазақстан халқы өте жоғары бағалаймыз. Бұл мәселе жөнінде көп еңбек сіңірдіңіз. Дүниежүзінде сіздің бұл жұмысыңыз жоғары баға алды. Міне сізді осы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ядролық бағдарламаға қатысты санкциялар алынғалы бір жыл уақыт өтті. Осы аз ғана уақыттың ішінде Иран өз экономикасын жүйелі дамытып, көп табыстарға жеткенін байқап отырмыз. Бұл Иран мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа өзінің ең үлкен ықпалын тигізді. Біз үшін Иранның, Сіздің жүргізіп отырған саясатыңыз бүкіл Каспий төңірегіндегі елдер үшін үлкен пайдасын тигізеді деп ойлаймыз», — деді Елбасы. Сонымен қатар ҚР Президенті биылғы жылы сәуір айында Теһранға сапар жасағанын, енді міне Иран Президентінің біздің елімізге келуі мемлекеттер үшін пайдалы болғанын атап өтті. «Мен жасаған сапардан кейінгі нәтиже шеңберінде жалпы сомасы 1 млрд. доллардан асатын коммерциялық келісімге қол қойылған. Ол жұмыстың барлығы қазір жүріп жатыр. Кейбіреулері ойдағыдай іске асырылып жатыр. Қуантарлық жайт. Бірақ, әлі де күш салуымыз керек. Алдымызда үлкен шаруалар бар. Сапарыңыз оң болсын деп тілеймін. Сіздің делегацияның, Сіздің Қазақстанға сапарыңызда алға қойған барлық мәселелені шешуге біз дайынбыз», — деді Назарбаев.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты