
Иран биыл 12 жаңа мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Иран ұлттық мұнай өңдеу және бөлу компаниясының (NIORDS) директорлар кеңесінің мүшесі Арман Магхадам хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда елде 9 мұнай өңдеу зауыты жалпы қуаты 1,73 млн баррель өнім өндіруде. Алдағы уақытта SKFGCR зауыты іске қосылып, қуаты тәулігіне 120 мың баррельге жетеді. Trend.az сайты жазғандай, өткен жылдың қараша айында NIORDS атқарушы директоры Аббас Қазими Иранда мұнай өңдеу саласы бойынша бірнеше жобаның іске қосылатынын айтқан болатын. Осыған орай биылғы жылдың 20 наурызында Бендер Аббас пен Лауан қаласындағы мұнай өңдеу зауыттары жаңғыртылады. Сол уақытта тағы бір ірі мұнай өңдеу зауыты іске қосылып, күніне 36 млн литр жанармай шығарады. Осылайша, Иран 2017 жылы соңғы 36 жылда алғашқы рет бензин импортынан бас тартады.