«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» топ-менеджері Айжан Медеуованың отбасы алған пәтерлерге қатысты дау толастар емес. Тіпті Айжан Тұрақбайқызы өзінің туған бауырын да пәтерсіз қалдырмапты .

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» топ-менеджері Айжан Медеуованың отбасы алған пәтерлерге қатысты дау толастар емес. Тіпті Айжан Тұрақбайқызы өзінің туған бауырын да пәтерсіз қалдырмапты .

2007 жылы Бас прокуратура тұрғын үй және жер учаскесіне қатысты заң бұзушылықтар топталған баяндама жасап, Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған.
«Время» басылымы жазғандай, тұрмысқа шыққанға дейін Медеуова ханымның тегі Қалиева болған және оның 7 бауыры бар. Айжан Тұрақбайқызының інілерінің бірі мемлекет қаражатына соғылған пәтердің иесі атанған.

Жаңабай Қалиев басымдық берілген баспананың иесі болуға құқы бар қазақстандықтардың тізіміне еніп, Ақтөбе қаласынан үй алған.
Ол кезде 2005-2007 жылы тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама іске қосылған болатын. Және басымдық берілген азаматтардың санатына баласы бар жас отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлер кірген.
Жаңабай Тұрақбайұлы ол кезде жеке фирмада жұмыс істеп, некеде тұрмаған. Сондықтан оның қалайша басымдық берілген азаматтар санатына еніп кеткені түсініксіз. Бірақ дәл осы пәтерлерді бөлу кезінде оның әпкесі Айжан Тұрғын үй құырылыс жинақ банкінің батыс өңірдегі өкілдігін басқарған.
Тексеру барысында Ж. Қалиев өз пәтерін заңсыз жолмен алғаны белгілі болып, оның аты-жөні Бас прокуратураның баяндамасына енеді.
Сондай-ақ Медеуова өз атына және жақын туыстарына 4 пәтерді рәсімдеген. Басылым бұл мәселеге Бас прокуратура араласуы тиіс деп санайды.
Бұған дейін , ТҚЖБ басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуованың туысқандары мемлекеттен жеңілдікпен 3 пәтер алғаны туралы жазған едік.
Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев үкіметтен «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметін ретке келтіруді сұраған еді.
Кейінірек, ТҚЖБ басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова отбасы алған пәтерлер туралы дау-дамайға қатысты өз пікірін айтқан болатын.