jasqazaq.kz

Импортты алмастыру. Монополиядан арылу

25 наурыз 2022, 11:56

Бүгінгі күні ел Үкіметі алдында әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-қимыл жоспарын орындау, импорт алмастыру жұмыстарын жүзеге асыру міндеттері тұр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік органдар отандық өңдеу өнеркәсібіне терең талдау жүргізді. Соның нәтижесінде оның әлеуеті анықталып, салалар бойынша бәсекелестік артықшылықтары, сондай-ақ өнеркәсіпті одан әрі дамытудың әлеуетті салалары айқындалды. Сондай-ақ экономиканы монополиясыздандыру мәселесі талқыға түсті.

444 жоба, 88 мың жұмыс орны

Өткен жылғы деректерге сүйенсек, сырттан 38,3 млрд долларға өңдеу өнеркәсібінің өнімдері әкелінген. Машина жасау (16,4 млрд доллар), химия өнеркәсібі (3,2 млрд доллар), қара металлургия (2,4 млрд доллар), жеңіл өнеркәсіп (2,2 млрд доллар), түсті металлургия (679 млн доллар) өнімдері және құрылыс материалдары (1,4 млрд доллар) көп көлемде жеткізіледі.
Жүргізілген талдау негізінде импорт алмастыру бағдарламасының жобасы әзірленді. Жобаны жүзеге асыру барысында импортты азайту, экспорттық артықшылықтарды және отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделді. Әр аймақтың, сонымен қатар Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері өңдеу өнеркәсібі салаларындағы инвестициялық жобалар пулын дайындады. Бұл тізімге жалпы сомасы 13,3 трлн теңгені құрайтын 444 импорт алмастыру жобасы кірді. Оны жүзеге асырғаннан кейін 88 мың тұрақты жұмыс орны құрылуы тиіс.

Биылғы жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде аймақтарда 10,8 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылып, жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге 90 жобаны іске қосу жоспарланды. Осы орайда Премьер-Министр Әлихан Смайылов бір ай ішінде өңірлер бойынша импорт алмастыру бағдарламасын әзірлеп, бекітуді тапсырды. «Әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты бұл – аса өзекті мәселе. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты жандандырып, импорт алмастыратын жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту қажет», — деді Үкімет басшысы.

Этикетканың орнына QR-код

Сондай-ақ дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында сауда саласындағы техникалық реттеу шаралары талқыланды. Бизнес қауымдастық өкілдері импортталатын тауарларға қатысты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі этикеткалар мен қосымшаларды бекіту жөніндегі заңнама талаптарын уақытша алып тастауды ұсынды. Олардың уәжі бойынша, бұл этикетка әзірлеуге, оларды көбейтуге және бекітуге қатысты бизнес шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Балама ретінде дүкен сөресінде тауар туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын тауарлық QR-кодтарды уақытша пайдалану ұсынылды.

Үкімет басшысы осыған байланысты Жарлық жобасын дайындап, шұғыл түрде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына енгізуді тапсырды.

Жекешеден – мемлекетке

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратура және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері кірді. Комиссияның міндеті – монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралады. Осы аптада комиссияның алғашқы отырысы өтті. Әлихан Смайылов қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Талап Тілеген

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық