
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин екінші рет шаңырақ көтерді. Оның кәсіпкер Татьяна Гордиенкомен неке қиған сәті желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды JQ — Aqparat.
Бұл туралы Татьяна Гордиенко өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда Илья Ильин мен кәсіпкер келіншектің Астанадағы салатанат сарайында некесін қиғанын көруге болады.
«Мен әлемдегі ең керемет жанға күйеуге шықтым», — деп жазды Татьяна Гордиенко.
Айта кетейік, Татьяна брендтік өнімдерді сатумен айналысады және оның елордада бірнеше жеке кәсібі бар. Желі қолданушылары танымал жұпқа бақыт тілеп, түрлі пікір жазып жатыр.
«Бақытты болсын», «Ильяның бірінші әйелі туралы естімеппін, не болса да жастар аман болсын», «Кәсіпкер келіншекті алғаны дұрыс болыпты», «Бірінші әйелінен балалары бар ма еді», «Тойлары қашан өтеді екен?», — деп жазды желі қолданушылары.
Илья Ильин бұған дейін қазақстандық гандболшы Наталья Кулаковаға үйленген болатын. Алайда олар 2017 жылы ажырасып кетті. Ортақ некеден туған Милана есімді қызы бар.