jasqazaq.kz

ІІМ: Threads-тегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар болуы мүмкін

26 қантар, 8:50

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те «жар іздеймін», «танысқым келеді» деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында қарапайым желі қолданушыларынан бөлек алаяқтар да болуы мүмкін, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алаяқтар көбіне өздерін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.

— Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді: белсенді қарым-қатынас орнату және эмоциялық тәуелділік қалыптастыру;

— өмірдегі қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелер;

— ақша аударуды, оның ішінде қаражатты шетелдік криптоәмияндарға аударуды немесе үшінші тұлғалар арқылы жіберуді сұрау;

— қаражат алынғаннан кейін байланыс үзілiп, жәбірленушіні бұғаттау.

Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін:

— интернет арқылы танысқан адамдарға ақша және жеке деректерді бермеу;

— жеке фотосуреттерді жібермеу; күмәнді сілтемелерге өтпеу;

— сұхбаттасушының профилін және ол туралы ақпаратты тексеру;

— күмән туындаған жағдайда жазбаны тоқтату керек.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн-танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырады.

Сурет: Depositphotos.com

 

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді