jasqazaq.kz

ІІМ «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады (Видео)

29 қыркүйек 2025, 11:38

22-26 қыркүйек аралығында ел аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ уытты және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылауға бағытталған «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 303-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, 278 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар шамамен 7 мың дәрі-дәрмек және қосарлы мақсаттағы тауарларға жататын 80 тонна уытты зат тәркіленді. Медицина саласында әкімшілік заңнаманы бұзудың 190-нан астам фактісі тіркелді. 202 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналып, құрамында есірткі бар 40 мыңдай таблетка, 290 мың психотроптық таблетка және 236 мың ампула тәркіленді. Республика бойынша барлығы 519 медициналық мекеме тексерілді. Өнеркәсіп саласында 60 құқықбұзушылық анықталып, 2 мың тонна прекурсордың айналымына шектеу қойылды, 20 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. 159 кәсіпорын мен 734 көлік құралы тексерілді. Ақтөбе облысында тексеру барысында Қытайдан теміржол арқылы 80 тоннадан астам уытты зат мемлекеттік лицензиясыз әкелінгені анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы құны 86 миллион теңге. Бұл зат қосарлы мақсаттағы тауарларға жатады. Шығыс Қазақстан облысында бір ЖШС-де күшті әсер ететін дәрілік заттардың рецептісіз сатылғаны тіркелді. «Прегабалин», «Зоника» және «Алиса» дәрілерінен 35 мыңнан астам таблетка тәркіленді. Батыс Қазақстан облысында 40 жастағы тұрғынның үйінен лицензиясыз психотроптық препараттарды заңсыз сату фактісі анықталды. Қарағанды облысында Астанадан Қарағандыға бағыт алған автокөлікті тексеру кезінде жалпы құны 240 мың теңгеден асатын «Тропикамид», «Прегабалин» және «Медазепам» препараттарының 82 қаптамасы тәркіленді.

— Ішкі істер министрлігі есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар мен уытты заттардың заңды айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыс азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында