jasqazaq.kz

Хорватия еуро валютасына көшіп жатыр

31 желтоқсан 2022, 12:54

Хорватия 2023 жылды жаңа валютамен қарсы алады. Бұл ел 1 қаңтардан бастап еуроға өтеді. Бұл туралы  Euronews-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бірыңғай еуропалық валютаға кезең-кезеңімен, бірақ жылдам өту аясында банкоматтардың жартысынан астамы өшірілді. Бұл, банкоматтарды жаңа валютамен толықтыру үшін жасалды.

Хорватиялық куна мен еуро тек 14 күн бойы ғана қолма-қол төлем жасау үшін тең қолданылады.

«Қолдарыңызда қолма-қол ақша болғаны дұрыс, себебі демалыс күндері банк жүйесі өтпелі жағдайда болады. Карта да, интернет-банкинг те жұмыс істемейді. 2 қаңтарда бәрі бұрынғыдай дұрыс жұмыс жасауы тиіс», — деді Хорватия ұлттық банкінің төрағасы Борис Вуйчич.

2023 жылдың 1 қаңтарынан Хорватия ресми түрде Шенген аймағына қосылады. Адамдар ЕО көрші елдері арасында төлқұжат бақылауынсыз шекараны кесіп өте алады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде