jasqazaq.kz

Хоккейші қыздарымыз қоғадай жапырды

02 ақпан 2023, 15:16

Болгарияның София қаласында жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионаты өтті. II дивизионның B тобында сынға түскен хоккейден қыздар құрамасы қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтып, В тобында көш бастады. Олар Болгарияның хоккейші қыздарын 8:1, Жаңа Зеландия қыздарын 7:1, Бельгия құрамасын 5:3, Эстония хоккейші қыздарын 8:0 есебімен ұтты. Әлем чемпионатының соңғы матчында Исландия жастарына қарсы айдынға шығып, 7:0 есебімен ойсырата ұтты. София Зубкова үш шайба, София Раковская екі шайба соқты. Мадина Нүсіпова мен Анастасия Филимонова да еншісіне бір-бір шайбадан жазды. Бес матчта да жеңіске жеткен қыздарымыз ІІ дивизионның А тобына өтті. Енді келер жылы осы кіл мықтылар ойнайтын топта бақтарын сынайды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде