
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінді астында қалған бір отандасымыздың денесі табылды.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, Хатай қаласында отандық құтқарушылар бір жерлесіміздің денесін үйінді астынан шығарды.
Хабарда іздеу жұмыстары 6 қабаттық үйдің орнындағы 18 мың текше метр аумақта жүргізіліп жатқаны айтылды.
JQ-Ақпарат