jasqazaq.kz

Халық сағынған дуэттер

23 наурыз 2017, 15:16

 

Олар-сахнаға бірге шықты… Олар-хит әндерді халыққа бірге сыйлады… Бірақ қазір бірге емес. Бүгін халық сағынған дуэттердің тізімін жасамақпыз. Сіз де оларды сағынған боларсыз?

Нұр-Мұқасан: Олар 1990 жылдан бері бірге ән салып келді. Ол кезде қазіргідей топтар көп емес еді, сондықтан да олар халыққа кең таралып сәтті құрылған шығармашылық ұжым болды. Бірақ соңғы уақытта олардың шығармашылығында жағалық жоқ. Оған себеп топтың енді бірге жұмыс істемейтіндігінде екен. Бұл туралы топ мүшесі Мұқасан Шахзадаевтың өзі ресми айтқан еді.

3aba4cdfac9df165205150912f5c137f(1)

Нұрлан мен Мұрат: Аталмыш дуэт 1996 жылы Атырау қаласында құрылған екен. Олар қазақ эстрaдасына ерекше форматпен жаңа леп алып келді. Осы топтың әндерінде алғаш рет рэп айтылған екен. Кейіннен екеуі бөлек кетіп, өз шаруаларымен айналыса бастайды. Бірақ өткен жылы екеуі қайта қосылып елді қуантқан, десе де, жаңалық әлі жоқ сияқты.

93936

Жігер тобы:  Алғашында топ үш жігіттен тұратын, кейін екеуі қалды. Халық сүйіп тыңдайтын бірнеше хит әндерін шығарды, тіпті бейнабаян да түсірген болатын. Бірақ олардың қарқынды жұмыстары тез басылып қалды.

852841670

Нұрмағанбет пен Нұршат: Әкесі мен қызы осыдан бірнеше жыл бұрын сұраныстағы әншілер еді. Әсіресе олар орындаған Араштың әнін барлығы білетін шығар.

hqdefault

Арман дуеті: Соңғы 2-3 жылдың көлемінде бұл дуэт өз тыңдармандарын жинап үлгерген еді. Топ мүшесі Ғазизхан қазір әншілік пен сазгерлікті қатар алып жүр. Елімізге танымал әншілермен де дуэт орындап үлгерді, десе де жанындағы сұлу Ботаны тыңдарман таппай қалды.

арман тобы

Арнау дуэті: «SuperStar» жобасынан кейін Нұржан мен Жанар бірге ән салып, елдің сүйіктісіне айналды. Олардың арасында сезім бар деген де сөздер жиі айтылатын. Соның әсерінен болған түсініспеушіліктен де халық хабардар. Кейін отбасын құрған Жанар өнер әлемінен көрінбей кетті. Ал Нұржан қазіргі таңда Салтанат Бақаевамен «Арнау» дуэтінің жұмысын жалғастыруда.

ооо

Қайрат Нұртас пен Сырым Исабаев: Қазіргі уақытта екеуі де танымал, өздерін дәлелдеген дарынды әншілер. Бір кездері екеуі бірге ән айтып халықтың ыстық ықыласына бөленген еді. Бірақ екі досты қазір бірге көрмейміз. Көпшіліктің айтуынша, түсініспеушілктер болған сыңайлы. Десе де, халық осы екі жігіттің бірігіп ән айтқанын сағыныпты.

kajrat_nurtas_sirim_isabaev_n_m_sen_end

Бақай тобы: Бұл топтың бір әнінің өзі осы кезге дейін «хит» қатарынын түспеді деп айтсақ болатын шығар. «Кім кінәлі?» деп қыз бен жігіттің мұңлы махаббатын жеткізген топтың одан да басқа бірнеше әндері бар. Бірақ өкініштісі олардың жаңа тректерін естімей жүргеніміз.

 

ikerim.kz

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды