jasqazaq.kz

«Хабар» агенттігінің басшылары ауысты

08 қыркүйек 2016, 15:33

Ринат Кертаев «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне, ал Сандуғаш Рахымжанова «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалғандығын хабарлайды.

k2-items-cache-d1610a10696d475b5

 «Агенттік трансформациядан өтіп жатқан тұста бұл қызметке тағайындалу үлкен жауапкершілік екені сөзсіз. Алдымызда күрделі міндеттер тұр, бірақ біздің нақты жоспарларымыз бар және батыл қимылдарға көшпекпіз», –  дейді Ринат Кертаев.

Ринат Думанұлы Кертаев 1983 жылы 23 сәуір күні Жамбыл облысында дүниеге келген. 2005 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығын бітірген. «Хабар» Агенттігіндегі еңбек жолы 2006 жылы қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламалар редакциясының продюсері ретінде басталады. 2010 жылдан 2011 жылға дейін жаңалықтар бөлімінде сарапшы-редактор болды.  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығы, «Баспа және ақпаратты дамытудағы еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісімен марапатталған, сондай-ақ ҚР Президенті Грантының иегері. Бұған дейін «Хабар» арнасының директоры қызметін атқарды.

20160908100740

Сандуғаш Рахымжанова  1983 жылы 5 қыркүйек күні Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығын тәмамдаған. 2006 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде магистр дәрежесін алған. «Хабар» арнасындағы еңбек өтілін 2012 жылы маркетолог-талдаушы ретінде бастаған. 2013 жылы «Хабар» арнасының бағдарламалар дерекциясының басшысы болып тағайындалады. 2016 жылдың шілдесінен бастап «Хабар» арнасы директорының орынбасары лауазымында болды.

 

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық