jasqazaq.kz

Грузияда бейберекет мазаламайды

24 маусым 2016, 16:44

1553275_733214346698074_703622969_o

«Грузияда салықтың небәрі 6 түрі қалғанын естіп, таңқалдық. Амалсыз Қазақстанмен салыстырасың. Бізде салықтың түрі көп. Бәрі күрделі. Қай жерде неден кінәлі болып шығатыныңды да білмей қаласың. Егер біздің экономиканы инвестицияға тартымды еткіміз келсе, салық жүйесіне бірдеме жасау керек. Бітпейтін тексеру мен тексерушілер бар. Жемқорлықты ауызға алмай-ақ қояйын. Сол Грузияда ұсақ мөлшерде пара беру деген атымен жоқ. Кез келген құжатты рәсімдеу мен төлем жасау жария түрде жүргізіледі. Грузияда ұсақ жемқорлықты жеңіпті. Демек, бұл кеселдің тамырына кез келген елде балта шабуға болады. 90-жылдары мен көрген Грузиямен қазіргі елдің айырмашылығы жер мен көктей.
Айтпақшы, бұл ел іс жүзінде үш тілді. Ол жерде грузин, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Сонысымен тартымды. Дамыған мемлекеттерден, сондай-ақ таяу шетелден келген кәсіпкерлер мен туристер (аудармашы іздеп) қиналып жатпайды. Грузия осы ерекшелігімен де Қазақстанға үлгі.
Турист демекші, Грузияның халқы 3,7 млн адам десек, былтыр 6 адам мұнда қонақ болып қайтыпты. Вице-премьер Димитирий Кумсишвили 2020 жылға қарай елге 11 млн турист келеді дейді. Елеулі көрсеткіш! Туризм саласына 200 мың адам тартылған. Бұл Грузиядағы еңбекке жарамды тұрғындардың 10 пайызынан асып жығылады.
Бұл да біздің еліміз үшін өнеге. Туризмді дамытумыз қажет. Шетелдіктер осында келуге қызығатындай жағдай жасау керек. Өйткені, туристпен бірге шетелден ақша да келеді.

Арманжан Байтасов, медиакәсіпкер:

forbes.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі