jasqazaq.kz

Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық

21 қазан, 16:13

Алматы қаласы Наурызбай ауданында аумақты абаттандыру және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл Экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысымен 723 ағаш отырғызылып, «TazaQazBot» платформасына келіп түскен тұрғындар өтініші бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы аудандағы оң өзгерістер, «Таза Қазақстан» акциясының нәтижесі және тұрғындардың ұсыныстары туралы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Руслан Айтановпен Jas Qazaq тілшісі сұхбаттасты.

– Руслан Айтқалиұлы, ауданда соңғы уақытта көгалдандыру мен көркейту бағытында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Биыл осы салада қандай ауқымды жобалар атқарылды?

– Біздің басты мақсатымыз – ауданымыздың экологиясын жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру. Биыл Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысы бойынша, ауданымызда 723 ағаш отырғызылды. Бұдан бөлек, гүлзарлар мен саябақтарды ретке келтіру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Мысалы, Қалқаман шағынауданында 19 000 қызыл және 7 200 сары көпіршікті бұта егіліп, 985,5 шаршы метр аумақта сәнді гүлзарлар жасалды, тағы 125 шаршы метрге раушан гүлдері отырғызылды.Ал Абай, Алатау даңғылдары мен Қонаев, Рысқұлов, Ашимов, Шаляпин көшелерінің бойына 768 тік көгалдандыру элементі орнатылып, оларға петуния мен пеларгония гүлдері егілді. Сондай-ақ Абай даңғылы бойындағы бес жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін көгалдандыру жобасы аясында 17 500 гүл отырғызу көзделген.

– Ел көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында Наурызбай ауданында қандай жұмыстар атқарылды?

– Аудан тұрғындары тазалық акциясына өте белсенді қатысты. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауданымызда 40 сенбілік ұйымдастырылды. Шараға 11 мыңнан астам адам қатысып, нәтижесінде 5 200 куб метр қоқыс шығарылды. Сенбіліктер барысында 723 ағаш отырғызылып, стихиялық қоқыс орындары жойылды және қоғамдық кеңістіктер толық ретке келтірілді.

– Абаттандыру мен тазалық мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштерімен жұмыс қалай ұйымдастырылған?

–Тұрғындармен кері байланыс орнатуда сандық технологиялардың көмегі зор. Жыл басынан бері «TazaQazBot» платформасына Наурызбай ауданы бойынша шамамен 630 өтініш келіп түсті. Тұрғындар негізінен аумақтарды тазалау, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қоқыс шығару және абаттандыру мәселелері бойынша жүгінеді.Әрбір өтініш жедел түрде қаралып, тиісті шаралар қабылданады. Осы жедел жұмыстың нәтижесінде платформадағы Наурызбай ауданының орташа рейтингі 5 балды құрап отыр. Біз стихиялық қоқыс орындарын жойып қана қоймай, олардың қайта пайда болуының алдын алу шараларын да тұрақты қабылдап келеміз.

— Әңгімеңізге рахмет!

Олжас Әбдіхалық

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті