jasqazaq.kz

Грантпен оқыған студент оқудан шығып қалса бюджетке ақшасын қайтаратын болды

29 шiлде 2016, 1:03

Оқудан шығарылған студенттер бюджет ақшасын қайтаруы тиіс. Өйткені, қыз-жігіттерден мемлекеттік гранттың ақысын төлеу талап етілгелі жатыр. Есеп комитеті түрлі себептермен университетті жарты жолдан тастап кеткендерге бір жылда миллиард теңге жұмсалғанын анықтапты. Ал, бұл шығынға бүгінге дейін ешкім жауап бермей келген.

Есеп комитеті Білім министрлігіне студенттерден осы шығынды қазынаға қайтаруды талап етіп, оны заңмен бекітуге кеңес берді. Бұдан бөлек былтыр еліміздегі жоғары оқу орындары бюджеттің 7 миллиард теңгесін тиімсіз пайдаланғаны анықталыпты. Яғни, ректорлар түрлі қажеттілікке деп бюджеттен миллиардтарды бөлдіргенімен соңында иегере алмай, банктегі депозиттерінде ұстап отыр екен. Ал, 2 миллиардқа жуық теңге тіпті мақсатсыз жұмсалған. Мәселен, Шығыс Қазақстанда 500 студентке арнап салынған жатақханада 250 орын қажет болмай бос тұр. Қазынаның қаржысын ысырап қылғандардың қара тізімін Өскемендегі Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университет, Алматыдағы Қаныш Сәтпаев атындағы техникалық университет, Солтүстік Қазақстан облысындағы тағы бірнеше оқу орны бастап тұр.

www.ktk.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық