jasqazaq.kz

Головкиннің келесі қарсыласы кім?

26 наурыз 2017, 19:47

Бүкіләлемдік бокс кеңесі Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласын анықтады. GGG енді аргентиналық Хорхе Хейланд (28-4-2, 15 КО) пен америкалық Джермалл Чарло (25-0, 19 КО) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) белбеуі сарапқа салынады.

Қазақпарат хабарлағандай, Чарло бұған дейін 69,9 келі салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартып, орта салмаққа ауысқанын хабарлаған еді. Ол өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, Джулиан Уильмстан үстем түсті. Хейланд болса бірнеше уақыттан бері орта салмақта WBC рейтингінде көш бастап келеді. Бірақ әлі де чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізген жоқ. vRINGe.com порталының таратқан мәліметі бойынша, бұл екі боксшы арасында өтетін кездесудің жеңімпазы алдағы уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесу керек болады.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық