
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен осы санаттағы WBA «тұрақты» чемпионы белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобстың жекпе-жегіне 45 күн қалды. Осыған байланысты Madison Square Garden алдағы кездесуге арнап проморолик дайындады, деп хабарлайды Baq.kz.
Айта кетсек, отандасымыз бен америкалық боксшының жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Проморолик Madison Square Garden-нің YouTube-каналында жарияланған.
Алдағы жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы трансляция жүйесі (PPV) бойынша көрсетеді. Ал қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» және KazSport телеарналарынан тамашалай алады.
https://www.youtube.com/watch?v=XQHaEdZ5pag&feature=youtu.be