jasqazaq.kz

Газдан уланған бес адам құтқарылды (Видео)

09 наурыз 2023, 10:53

Жамбыл облысында бүтіндей бір отбасы газдан уланып ажал құша жаздады. Келеңсіз жайт кешкілік уақытта болған. Бір үйде тұратын бес адам газдан уланды. Оларды ажалдан мектеп директорының орынбасары мен кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы құтқарған.
Тараз қаласы ПБ 2-ші полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлішер Ермеков пен мекnеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Еселбаева 8 жастағы баланың сабаққа келмеу себебін білу үшін мекен-жайына іздеп келген. Баланың ата-анасы да қоңырауға жауап бермепті. Қақпаның есігін де ешкім ашпаған, көршілері де бұл үйден кешелі бері ешкімнің сыртқа шықпағанын айтыпты. Күдігі ұлғая түскен тәртіп сақшысы бірден терезені сындырып ішке кіргенде еденде ес-түссіз жатқан 8 жастағы баланы көреді. Отбасы мүшелерінің каустикалық ыс пен көміртегі тотығымен тыныс алғанын байқайды. Бірден газды жауып, үйдің қалған терезелерін ашады. Үйден 58 жастағы ер адам, 47 жастағы әйел, 12, 10 жастағы қыздарды да сыртқа шығарады. Дәрігерлер полиция қызметкері мен мұғалім сәл кешіккенде 5 адамның ғұмыры қиылатын еді дейді.

@jasqazaq.kz

Газдан уланғандарды құтқарды

♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде