jasqazaq.kz

Газ баллондары жарылды: Ақтауда ТҚС қызметкері көз жұмды

13 қантар 2023, 11:12

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше Техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде болған жарылыста бір әйел қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтауда 12 қаңтар күні сағат 18:20 шамасында өрт шығып, алты тұрмыстық газ баллоны жарылды. Қызыл жалынды сөндіру барысында өрт сөндірушілер тағы 17 газ баллонын шығарып үлгерді.

Өрт 18:48-де жойылды. Өрттің ауданы 50 шаршы метрді құрады.

«Оқиға барысында бір жұмыскер қайтыс болды, тағы үш адамды күйік шалып, Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. Өрттің себебі анықталуда», — деп түсіндірді өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның баспасөз қызметі 25 өрт сөндіруші-құтқарушы, алты өрт техникасы жұмылдырылғанын айтты. Бұл жерге Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де қатысты.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді