jasqazaq.kz

Ғани Бейсембаев: Тәрбиешілердің келеңсіздігі бақылауға алынады

12 қантар 2023, 11:22


Алдағы уақытта тәрбиешілер тарапынан болатын келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды JQ ақпарат.

Министрдің айтуынша, өткен жылы жаңа 39 мыңға жуық орынға арналған 458 балабақша іске қосылған. Жекеменшік балабақшалардың 93%-на мемлекеттік тапсырыс берілген.
«Нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 89,4%-ға, ал 3-6 жаста 99,4%-ға артты. Былтыр балалардың дағдыларын, зерттеу қызметін дамыту және дамытушы орта құру үшін оқу және ойын материалдарының тізбесін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдарды жарақтандыру нормалары бекітілді»,- деді Бейсембаев.

Ол: « Тәрбишілер тарапынан келеңсіз әрекеттерді болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдарға бақылауды күшейту қажет. Тәрбие жұмысын күшейту үшін тұжырымдамалық негіздерді әзірлеуді бастадық. Ұлттық тәрбие ұлт болашағын қалыптастырудың қайнар көзі. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» — деген ұлы философ Әл-Фараби. Бұл орайда әр білім мекемесі ең алдымен тәрбие мәселесіне жіті назар аудару қажет. «Үлкенге — құрмет, кішіге-ізет» ұстанымы бала тәрбиесінде жеке орын алуы тиіс. Бұл бағытта барлық балабақша, мектеп, колледж басшылары жұмыс жасауы керек»,- деді.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка