jasqazaq.kz

Ферманы есірткі зертханасына айналдырған

30 қантар 2023, 13:38

Алматы облысының полицейлері Іле ауданы аумағында ірі көлемдегі есірткі жасайтын зертхананы анықтап, жолын кесті. Бұл туралы онлайн өткен баспасөз мәслихатында ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты: «Алматы облысында полицейлер есірткі өндірісін тоқтатты. Іле ауданының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Алматы облысындағы әріптестерімен бірлесіп, есірткі зертханасын құрмақ болғандардың жолын кесті. Межреченск кенті маңындағы құрылыс полицейлердің назарын аударды. Белгісіз біреулер 1 гектар жерді таспен қоршап, ауыл шаруашылығына қатысы жоқ жабдықтар әкеліп, трансформаторды электр желісіне қосқан. 20 канистрді прекурсорлармен тасымалдау кезінде полицейлер екі жергілікті тұрғынды ұстады».

Ұсталғандардан психоактивті заттар табылған.

«Ферманы күдіктілердің бірі оны 18 млн теңгеге сатып алған. Учаскені биік етіп қоршап, көзден тасалаған және уақытша баспана, монша мен гараж салған. Күдіктілер сырт көзді алдау үшін мал ұстайтын орындарды да қарастырған. Есірткі жасауға арналған бөлек бөлме дайындаған. Есірткі зертханасының іші толық жабдықталған», — деді Ш.Тұрлыбек.
Оның айтуынша, күдіктілерден есірткі өндіруге арналған жабдықтар мен 1000 литрден астам прекурсор тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата