jasqazaq.kz

Фейк ақпаратқа сенесіз бе?

28 наурыз 2023, 12:17

Сауалнама

Қазіргі заманды ақпарат ағынынсыз елестету мүмкін емес. Әлеуметтік желіде қандай да бір хабар қалың бұқараға жылдам тарайды. Бірақ осы толассыз ақпараттың рас-өтірігін анықтау қиын. Халық ресми емес, әлеуметтік желіде жарияланған жаңалыққа көбірек сенеді. Бүгінде «фейк» деген ұғым өмірімізге ендеп алды. Фейк ақпарат дегенді кім қалай түсінееді? Оған қаншалықты сенеді? Жалған ақпаратпен қалай күресуге болады? Біз осы сауалдарды әлеуметтік желі қолданушыларына қойып көрдік.

Назира Бұрханова, журналист:

«Кез келген күмәнді жаңалықты естіген кезде ең алдымен ойланамын. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? Содан кейін оған қатысты дүниелерді іздей бастаймын. Әр адамда сыни ойлау (критическое мышление) болуы керек.

Өз басым, мамандығыма сай бірден ол ақпараттың рас-өтірігін тексеріп, ақпарат көздерін ақтарамын. Фактчекингтің не екенін білгеннен кейін, жалған ақпаратпен күресу маған оңай. Кез келген ақпаратты дәл сол күйінде қабылдамауға тырысамын. Осындай егжей-тегжейлі тексеріп отырудың арқасында фейк ақпаратқа сенбеймін. Журналист болғандықтан, біз де жалған ақпараттың таралып кетпеуіне үлес қосуымыз керек. Егер шындыққа жанаспайтын хабарды өзіміз тарататын болсақ, қарапайым халық тез сеніп қалуы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік желі қолданушыларын кез келген ақпаратқа сене бермеулерін сұраймын. Меніңше, қазір адамдардың көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрын күмәнді ақпарат тараса, шулап шығатын. Ал қазір олай емес, жұртты оңайлықпен сендіре алмайсың».

Әлібек Себепов, инженер:

«Қазіргі таңда әлеуметтік желінің ақпараттық ауқымы кең, таралуы да жылдам. Қандай да бір жаңалық болсын, анық-қанығын нақты білмей, оған сенудің қажеті жоқ. Өйткені әркім кез келген хабарды өз ыңғайына қарай өзгертуі бек мүмкін. Сондықтан өз басым не болса соған илана бермеймін. Әсіресе, ортақ чаттарда миға қонымсыз ақпаратты таратып отыратын белсенді біреуі болады. Оның ол мағлұматтарды қайдан алатыны белгісіз. Рас-өтірігін сұрасаң, ештеңе білмейді. Ол да біреуден ала салған. Осындай қайдан келгені белгісіз фейктер адамдыц адастырады. Белгілі бір дәрежеде дүрлігу туғызады. Өз басым кез келген ақпаратқа сене бермеймін».

Руфина Иманбакиева, үйлестіруші:

«Ана жерде осындай болып жатыр екен, мына жерде мынандай нәрсе болып жатыр екен» сынды ақпараттарға бастапқыда сенетінмін. Сенгенім соншалық, бойымды қорқыныш билейтін. Тіпті балаларымды, туыстарымды ойлап алаңдайтынды шығардым. Кейін бұлай қорқа берудің зиян екенін түсіндім. Қазір қандай да бір қорқыныш туғызатын ақпаратты естісем, мән бермеуге тырысамын. Болатын нәрсе болады, болмайтын нәрсе болмайды. Осы қағидаға бойымды үйрете бастадым. Желіде үзілмейтін жағымсыз жаңалықтың барлығын бірдей қабылдамауды үйрендім. Егер оған сенетін болсаңыз, ең алдымен өз өміріңізді қиындатасыз. Күнделікті теледидардағы жаңалықтарды ғана тыңдап, ресми ұйымдар таратқан ақпаратқа ғана сенуіміз керек».

Дайындаған Мақпал Ноғайбаева

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата