jasqazaq.kz

EXPO-ға саяхат (видео)

26 желтоқсан 2016, 18:57

«Астана ЭКСПО — 2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтің айтуынша, бүгінде көрменің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. ЭКСПО-ға қатысушы мемлекеттердің өкілдері өз павильондарын қабылдауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде 8 мемлекет — Беларусь, Венгрия, Ресей, Германия, Қытай, Түркия, Сингапур мен Франция өз павильондарын қабылдап, ішін жабдықтау жұмыстарын бастады. Жаңа жылдан кейін ондай мемлекеттердің саны артады. Сондай-ақ біз көрме қатысушыларына арналған баспананың құрылысын аяқтадық. Жалпы, 1 374 пәтер бар. Қазіргі кезде 324 пәтер бойынша өтініш түсті. Шетелдіктер ол жерде тұрып, тиісті ақыны төлейді. Жалпы, көрме өткеннен кейін 4 400 пәтер сатылатын болады. Оның ішінде инвесторлар салып жатқан тұрғын үйлер де бар», — дейді А.Есімов. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның павильонын тақырыптық жабдықтау шараларына ерекше көңіл бөлініп келеді. Сондай-ақ үздік тәжірибелер аймағына жобаларды іріктеу жұмысы аяқталды. Ол жерде баламалы энергетика саласындағы әлемдегі озық технологиялар таныстырылады. «Көрмеге 112 мемлекет қатысады деген жоспар бар. Алдағы уақытта олардың саны тағы сәл өсуі мүмкін. Ал 112 елдің ішінде 108 мемлекет өздерінің ұлттық комиссарларын бекітті», — дейді компания басшысы.

 

https://www.youtube.com/watch?v=pHRbgOl4N0I

 

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты