jasqazaq.kz

Евгений Тищенко: Мен бұл ұлтты сыйламаймын (видео)

27 қыркүйек 2016, 18:28

https://www.youtube.com/watch?v=aK23ZZWeWtE

 

Бокстан Рио-де Жанейро Олимпиадасының чемпионы ресейлік Евгений Тищенко Ресейдің «Комсомольская радио» толқынындағы тікелей эфир кезінде «Мен бұл ұлтты сыйламаймын» деп айтты.

 Жақында боксшы «Комсомольская правда» радиосына сұхбат берген еді. Василий Левиттің жанкүйерлері туралы әңгіме қозғалған кезде:

«Я их не сильно уважаю на самом деле. В принципе нацию не уважаю», – деген қызба пікірін айтып қалды Е. Тищенко.

Студия қонағы ретінде келген спорт сарапшысы оны дер кезінде тоқтатып, тікелей эфир кезінде мұндай пікірін көпшілікке жаймауға кеңес берді.

Е.Тищенко өз сөзінде нақты қай ұлтты сыйламайтынын ашық айтпаған. «Бәлкім қазақ ұлты шығар» деп пайымдағандар да бар. Ол түсінікті де, себебі Левиттің фанаттарының көбі Тищенконы алтынға лайық емес деп есептейді. Алайда, Василий Левитті қолдаған жанкүйерлердің арасында Америка, Еуропа құрлығының өкілдері де бар екенін еске сала кетейік.

Айта кетейік, боксшы Рио Олимпиадасының финалында қазақстандық Василий Левитпен кездескен болатын. Бірақ бұл жекпе-жекте бокс мамандары мен жанкүйерлер төрешілердің ресейлік боксшыны құлағынан сүйреп алып шыққанын жарыса жазды.

baq.kz

 

 

 

 

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық