jasqazaq.kz

Еуро-2024: Алғашқы адым сәтсіз болды

24 наурыз 2023, 9:44

Футболдан келер жылы өтеттін Еуропа чемпионатының финалдық сынына іріктеу матчын еліміздің ұлттық құрамасы сәтсіз бастады. Өз алаңында (Астана Арена стадионында өтті) Словения ұлттық құрамасына қарсы тартысқа түсіп, 1:2 есебімен есе, жіберді.

Ойынды біздің жігіттер тәп-тәуір бастаған. Тіпті 24-минутта Ян Ворогвскийден жеткізген допты Максим Самородов сәтті пайдаланып, есеп ашқан. Бірінші таймды басымдықпен аяқтаған футболшыларымыз екінші таймда алаңға шыға сала, айыл-бауын босатып жібергендей көрінді. 47-минутта Дапвид Беркало таразы басын теңшеп берсе, 78-минутта Жан Випотник құрамасын алға шығарды.

Еуропа чемпионатының финалдық ойынына қатысу үшін келесі іріктеу матчын футболшыларымыз 26 наурыз күні Дания құрамасына қарсы өткізеді. Бұл ойын да өз алаңымызда болады.
Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Словения ұлттық құрамасының бас бапкері Матьяж Кек шәкірттеріне разылығын жеткізді. «Біздің жігіттер барын салып ойнады. Рас, бірінші атймды ойынымыз жүрмеді, тактикалық жоспарымыз да жүзеге аспады. Қосалқы құрамдағы белді ойыншыларды алмастырып, жеңіске жеттік. Ұзақ сапардан ерсоқты болып шаршағанымыз бар, Астана Арена стадионының жасанды алаңы да айтарлықтай әсер еткені рас. Осының барлығын да еңсеріп, үш ұпайды олжалағанымызға разымын», – деді М. Кек.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жартылай қорғаушыларға көбірек күш түскенін, қарымта шабуылды ұтымды пайдалану арқылы қарсыластарды тойтарып отырғанын айтты. «Бізде босаңсуға болмайды, жауапты матчта жеңілдік. Алда әлі қаншама жауапты ойындар тұр. 26 наурызда осы Астана Арена стадионында Дания ұлттық құрамасына қарсы ойнаймыз. Жаттығу барысында жауапты матчқа кімдердің қатысатыны белгілі болады», – деді М.Адиев.

Еуропа чемпионатына іріктеу додасын ұлттық құрама ойыншылары Н тобында өткізеді. Дания, Словения, Финляндия, Солтүситік Ирландия, Сан Марино ұлттық құрамаларына қарсы тартысқа түседі.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата