jasqazaq.kz

Есірткіні такси арқылы жолдаған…

27 қантар 2023, 17:29

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 48 жастағы Жамбыл облысының тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы JQ-Aqparat Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, ол Жамбыл облысындағы жайылымдардың бірінде өздігінен өсіп тұрған жабайы құрамында есірткі заттар бар қарасораны жұлу арқылы кептіріп, майдалап жалпы салмағы 14 076,25 грамды құрайтын, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі заты – марихуананы өткізу мақсатында заңсыз алып иемденген, сақтаған және тасымалдаған.

Содан, өзінің қылмыстық әрекеттерін әрі қарай жалғастыра отырып, 2022 жылдың сәуір айында есірткі затын өткізу мақсатында, «Индрайвер» қосымшасы арқылы Шымкент қаласы бағытындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын таксиге салып жіберген. Дегенмен, оның ойы іске аспай, есірткі заттары сақталған такси автокөлігі Шымкент қаласындағы автобекеттердің бірінде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, такси жүргізушісі есірткі заттарын өзіне салып жіберген қорапты ашпағанын және оның ішінде не болғанын білмейтінін, жөнелтушінің айтуы бойынша ішінде киімдер мен тамақ бар деп айтқанын көрсеткен. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне жөнелтушінің деректерін көрсетіп, есірткі заттарын өз еркімен тапсырған.

Полиция қызметкерлерімен жеткізілген есірткі заттарын жөнелтуші өзінің кінәсін толық мойындап, басты сот талқылауында бұл әрекеттеріне өкінетінін жеткізген.
Соттың үкімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 10 (он жыл) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотпен сотталушының жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленді.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді