
Үкіметтің биылғы жылғы 20 наурыздағы Қаулысы бойынша, қатаң бақылауда болатын есірткі, психотропты заттар және прекурсорлар тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мәселен, каннабис немесе қарасора кептірілген, сондай-ақ кептірілмеген түрінде де есірткіге жатқызылатыны нақтыланды.
«Есірткі заттары» бөліміне:
Изотонитазен
Кротонилфентанил
Циклопропилфентанил
Акрилоилфентанил (акрилфентанил)
Фуранилфентанил
Тетрагидрофуранилфентанил
U-47700, МТ-45, AH-7921
енгізілді.
«Психотропты заттар» бөліміне
Этизолам
Трамадол
Кетамин
қосылды.
Сонымен бірге прекурсорлар тізімінің жаңа редакциясы жарияланды.
Қаулы биылғы 7 сәуірде күшіне енеді.
JQ-Aqparat