jasqazaq.kz

Есірткі арнасының жолы кесілді

27 ақпан 2023, 12:37

Алматы қаласының полиция қызметкерлері есірткі затын сатушылардың қылмыстық тобын құрықтады. Polisia.kz жазуынша, есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің мәліметінше, полицияның арнайы жасағымен бірлесіп жүргізілген іс-шарада 5 адам ұсталған. Бесеуі де Жамбыл облысы, Шу ауданының тумасы. Қалқаман ықшам ауданынан ұсталған 46 жастағы күдіктіні тінтігенде сығымдалған гашиш салынған төрт бума, 1 миллион 150 мың теңге ақша ІІО зейнеткерінің жалған куәлігі табылды. Арнайы іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан 34 келіге жуық гашиш тәркіленді. Алматы қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов күдіктілердің қамауға алынғанын хабарлады. Осылайша полицейлер есірткінің Алматыға қандай жолмен жеткізілетінін анықтап, тосқауыл қойды. Полиция департаменті «ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын» ескертті.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық