jasqazaq.kz

Есіл бойында Бұзылық су қоймасы салынады

28 наурыз 2023, 14:08

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында 2024-2026 жылдары Нұра топтық су құбырын қайта жарақтауға 16 млрд теңге жұмсалатынын айтты.

«Қазіргі таңда Экология және табиғи ресурстар министрлігі жалпы құны 630,8 млн теңге болатын Егіндікөл ауылынан Степняк қаласындағы астық қабылдау пунктіне дейінгі ұзындығы 15 шақырым Нұра топтық су құбыры учаскесін реконструкциялау жобасын іске асыруда. Биыл жобаны іске асырудың басында республикалық бюджеттен 330 млн теңге сомасында қаражат көзделген. Жобаны аяқтау 2024 жылдың шілдесінде жоспарлануда.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 337 шақырым болатын Нұра су құбырының қалған учаскелерін реконструкциялауға бағытталған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады. Реконструкциялаудың құны шамамен 16 млрд теңгені құрайды. Іске асыру кезеңі – 2024-2026 жылдар», — деп жазылған жауапта.

Үкімет басшысының айтуынша, Есілдің арнасындағы суды тиімді пайдалану үшін 2024 – 2027 жылдары Бұзылық су қоймасы салынады.

«Экология министрлігі шілде айында көктемгі мол суды реттеп, жинақтау үшін сондай-ақ оның Есілдің төмен жағындағы Сергеев, Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Есіл қарымта реттегішін (Бұзылық су қоймасы) салу жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді аяқтайды. Құрылыстың болжамды құны – 43 млрд теңге. Іске асыру кезеңі – 2024 – 2027 жылдар», — деді Үкімет басшысы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта