jasqazaq.kz

Есі кеткен екеу 20 жылға сотталуы мүмкін

06 ақпан 2023, 15:26


Алматы қаласында есірткі зертханасын ашып, синтетикалық есірткі өнімін өндірген шетелдік азаматтар 20 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифингте мәлім етті.

Былтырғы жылдың соңында Ішкі істер министрлігіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Алматы облыстық полиция департаментінің полицейлері синтетикалық есірткі өндіруді кәсіп еткен шетелдік азаматтарды құрықтаған болатын. Жедел тексеру шарасы кезінде Алматының іргесіндегі елді мекендерде орналасқан екі бірдей жерастына жасырған өндіріс ошағын да тапқан.

ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек Алматылық полицейлер есірткі зертханасына жөнелту үшін әзірлеп қойған 700 литр химикат құйылған 22 ыдысты тәркілегенін де айтты.

«Ұйымдастырылған өндіріс орны екі апта уақытта 100 келіге дейін есірткі өндіруге мүмкіндік берген. Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Аталған факті бойынша полицейлер жұмыс істеп тұрған екі зертхананы және өндіріске толық дайын бір зертхананы және 2 тоннаға жуық прекурсоры бар қойманы жойды. 84 келі синтетика және екі тоннаға жуық прекурсор тәркіленді», — деді Ш.Тұрлыбек.

Күдіктілерге кесілер жаза да ауыр болмақ. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топты құрып оған басшылық жасағаны, топ болып аса ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізгені үшін де қылмыстық іс қозғалып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әрі жеке басына тиесілі мүлкі де тәркіленеді.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық