jasqazaq.kz

Есентаевтың қызы сотта әкесінің қорғаушысы болатындығы жөнінде ақпаратты жоққа шығарды

02 қазан 2016, 3:34

20160914123136

Бақытбек Есентаевтың қызы Айсәуле сотта әкесінің қорғаушысы болмайтындығын мәлім етті.

«Мен сотта әкемнің қорғаушысы болмаймын, мен бұл істе тек куәгермін. Мен жаз бойы тергеу изоляторындағы әкеме бару үшін оның қоғамдық қорғаушысы болдым, алайда қорғаушы әрі куәгер ретінде болу заңға қайшы. Сондықтан мен оның қорғаушысы бола алмаймын», — деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында.

Сонымен қатар, ол әкесін де шешесін де жақсы көретінін атап өтті.

Бұған дейін айыпталушының адвокаты Бекболат Жексейітов Айсәуле Бақытбек әкесін сотта қорғайтынын мәлім еткен болатын.

Еске сала кетсек, 28 қыркүйекте Қаскелең мамандандырылған ауданаралық сотта Бақытбек Есентаевқа қатысты іс бойынша сот талқысы басталды. Ал соттың алғашқы отырысы Талдықорғанда 18 қазанда өтетіні белгілі болды.

Бақытбек Есентаевқа келіншегін соққыға жығып, пышақтады деген айып тағылған. Танымал продюсерді 10 маусымда ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізді, оған сонда ота жасалған болатын.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық