jasqazaq.kz

Ермегияевтің інісінен жауап алынды

18 мамыр 2016, 18:26

photo_26081

Талғат Ермегияевтің інісі Бақытжан Ермегияев сотта түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Астанадағы Абай даңғылында орналасқан пәтердің өзіне тиесілі екенін, сонымен қатар, пәтерге жөндеу жұмыстарын өз қаражатына жүргізгенін айтты.

«Мен бұл пәтерді 2000 жылы шамамен 10-15 мың долларға сатып алдым. Өзім ол жерде тұрған емеспін, себебі оған мүмкіндік болған жоқ. Пәтерді сатып алғаннан кейін оның кілтін әкеме бергенмін, ал ол оны Талғатқа берді. Өзім ауылдық жерде тұрғандықтан, қалаға келе алмадым», — деді Талғат Ермегияевтің інісі.

Ұлттық компаниядағы қаражатты жымқыру ісі бойынша фигуранттың туысы Алматыдағы базарлардың бірінде тексеруші болып жұмыс істейтінін, ал жаз кезінде ауылда мал шаруашылығымен айналысатынын айтты. Бақытжан Ермегияевтің айтуынша, ол пәтерді жөндеу үшін Айдос есімді жігітке ақша (24 миллион теңге) беріп, куәлігінің көшірмесін алып қалған.

«Мен, Есболов Айдос, пәтерді жиһазбен қамтамасыз ету үшін Ермегияев Бақытжаннан 24 миллион теңге көлемінде қаражат алдым. Ақша құрылыс компаниясына беру үшін алынды», — делінген қолхатта.

Сонымен қатар, Бақытжан Ермегияев жөндеу жұмыстарын бақыламағанын, бұл пәтерде ешқашан тұрмағанын айтты.

«Айдос маған пәтерді болашақта шетелдіктерге жалға беру үшін заманауи етіп істеу керек екенін айтты. (…) Тергеу басталып кеткендіктен, жөндеу жұмыстары аяқталмады. Ешкімге жалға да бермедік» — деді ол.

Алматы базарында тексеруші болып істейтін адамның 24 миллион теңгені қайдан алғаны туралы сұраққа ол қаражатты жинағанын, оны үйінде сақтағанын айтып жауап берді.

Айта кетейік, сот отырысына Бақытжан Ермегияев өз қалауымен келді. Ол сотқа куәгер ретінде шақыртылмаған болатын.

Бұған дейін Талғат Ермегияев Абай даңғылындағы пәтер мен Тельман ауылындағы жер телімінің өзіне тиесілі емес екенін айтқан болатын. «Тельман ауылындағы жер телімі, Кеген ауылындағы аң аулау шаруашылығы, Астанадағы Абай даңғылында орналасқан пәтер маған тиесілі емес. Сәйкесінше, оларға қатысты мен ешкімге тапсырма берген жоқпын. Коттедждерді жалға беруге менің қатысым жоқ. «Пара» алған жоқпын, ешкімге тапсырма берген жоқпын», — деді Ермегияев.

Сот отырыстарының бірінде айыпталушы Сейіт Сейітов бұл нысандарың Ермегияевке тиесілі екенін, ол жерлерде жөндеу жұмыстарының жүргізілгенін айтқан болатын. Сонымен қатар, ол жекеменшік нысандарды көру үшін тікұшақ жалданғанын айтты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық