
Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің желіде таралып кеткен суретіне қатысты пікір білдірді. Ол өзінің желідегі парақшасында суретін салып, бұл 8 сыныпта түскен суреті екенін жеткізді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
«Қоймадыңдар ғой! Ол кезде мен осы түріммен-ақ «Ырғыздың ызвездасы» едім! Ол кезде, осы суреттің уақыт өте «ызвезда» болатынын қайдан білейін?

Білсем, дұрыстап түсер едім! Ал қазіргі «Ерке аққу» операцияның емес, еңбегінің арқасында «әдемі» деп 100 %-ға айта аламын! Әй, өзім-ай, өзім-ай! Шыны керек, сіздерден бұрын мен «ішім бұратылғанша» күлдім!», — деп жазды ол.