jasqazaq.kz

Еріктілерді ешкім жинап жатқан жоқ

09 ақпан 2023, 15:17


Ғаламның назарын аударған Түркиядағы жойқын зілзала зардабын жоюға, түрік бауырларға көмек қолын созуға еріктілерді жинап жатыр деген ақпарат жалған болып шықты. Әлеуметтік желіде желдей ескен ақпаратта бас қаланың төтенше жағдайлар департаменті Түркияға көмекке барғысы келетін еріктілерді жинап жатыр деген мәлімет тараған.

Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаға қатысты елорданың төтенше жағдайлар департаменті былай жауап қатты. «Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментіне Түркия еліне көмек көрсетуге жіберуге елордалық ТЖД еріктілерді жинап жатыр деген ақпарат келіп түсуде. Өз кезегінде, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз! Бүгінгі таңда қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған 40 қазақстандық құтқарушы Түркияда, Газиантеп қаласында. Сондай-ақ тәжірибелі мамандар, кинологтар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қатарынан қосымша 60 құтқарушы бүгін жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға көмек көрсетуге бара жатыр. Осыған байланысты азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз».

Күні кеше Түркия Республикасының біздің елдегі төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екіджі де БАҚ өкілдеріне арналған брифингте тек ресми орынның ақпаратына сенуге шақырған болатын.
Осындай қысылтаяң шақта алаяқтықтың да түрлі тәсілі қылтияды. Өртке оранған үйге өшіру үшін емес, бас-сирағын үйтіп алуға баратындар да табылады сын сәтінде. Аңқау ел арамзалардан сақ болғаны жөн қашанда.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде