jasqazaq.kz

Ерболдың еншісіне қола медаль бұйырды (Видео)

27 қантар 2023, 17:38

Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатында парашаңғышы Ербол Хамитов 12,2 шақырымдық сайыста қола жүлдегер атанды. Парабиатлон додасында жерлесіміз 41:3,9 секунд нәтижемен үшінші жетті. Алтын медаль америкалық Арон Пайкке бұйырса, күміс жүлдені неміс спортшысы Скот Минах еншіледі.

Ербол Хамитов бұған дейін осы әлем чемпионатында көк байрағымызды желбіретіп, алтын медаль иеленген болатын.

Жастайынан спортты серік етіп, ММА сынында талай белестен асқан Ербол 2017 жылы бұзақылардың жарақаты салдарынан бір аяғынан айырылады. Оған дейін ММА мен грэпплингтен спорт шебері атағын иеленіп, ұлттық құрама сапына да қабылданған еді. Тағдырдың басқа салған сынына сынып кетпей, спортты серік етіп тынбай жаттығудың нәтижесінде парашаңғы мен парабиатлоннан таңдап тарихи жеңісімен елімізді қуантып келеді. Былтыр әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Биыл міне, алтын медаль да олжалап әнұранымызды шырқатты, қола жүлдеге де қол жеткізді. Жарайсың, Ербол!

@jasqazaq.kzЕрболдың еншісіне қола медаль бұйырды

♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді