jasqazaq.kz

Ерболат Досаев: Биыл бірыңғай бейнемониторинг жүйесі Алматының 80 пайызын қамтиды

02 ақпан 2023, 12:56

Биыл күзде Алматының «цифрлық егізін» құру жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форум барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматының цифрлық егізіне көлік, экономикалық, экологиялық және құрылыс деректері енгізілетін болады. Оған қоса, үлкен деректерді (Big data) талдау негізінде қаланы дамыту сценарийінің функционалы бар платформаланы енгізу жоспарланды.

«Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі — «Алматы — Смарт-сити» құру. Ағымдағы жылдың күзіне қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифрлық егізін» құруды бастау жоспарда. Былтыр қыркүйекте Алматы «Almaty Data Lake-бірыңғай деректер қоймасы» жобасында IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық «ақылды қалалар» байқауының финалисі атанды»,- деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімі қаланың одан әрі дамуына, жақсаруына маңызды жобалар мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Биыл бірыңғай бейнемониторинг жүйесі Алматының 80 пайызын қамтиды. Бұл – цифрландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,- деді ол.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде