jasqazaq.kz

Ерболат Досаев: Алматыдағы ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі

09 ақпан 2023, 11:49


Алматыда ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Алматы әкімімен кездесуге келген Бостандық ауданының тұрғыны қаладағы ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін күшейту мәселесін көтерді. «Біз қаланың бас жоспарын талқылауында болдық, неге ол жерде ғимараттардың сейсмикалық күшейтуі ескерілмейді? Түркиядағы зілзала оның өте қауіпті екенін көрсетті», — дейді алматылық.

Алматы әкімі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қалада сейсмикалық микроаймақтандырудың жаңа картасы бекітілгенін, ондағы барлық ақаулар ескерлігенін айтты.

«Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгінде қала ҚазҚСҒЗИ бекіткен талаптарға сай өмір сүруде. 2017-2018 жылдары институтта аудит жүргізілді. Биылғы жылдың екінші жартысында біз қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастаймыз. Жаңа бас жоспарға келетін болсақ, 2020-2021 жылдары Алматыда жаңа тектоникалық ойықтар пайда болғанын білесіздер. Жаңа бас жоспарда барлық қажетті сейсмикалық талаптар, соның ішінде жаңа ойықтар ескерілген: Абай көшесінің жоғары жағы 10 балл, одан төмен 9 балдық аймақта орналасқан», — деді әкім.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде