jasqazaq.kz

Ер жігіттің ерлігі

16 ақпан 2023, 13:08

Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты 18404 әскери бөлімінің сержанты Ерік Қасымбеков Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың 18 қаңтарында Талдықорған қаласы Красин көшесіндегі бес қабатты үйде электр сымдарының тұйықталуынан өрт шықты. Сол күні жөндеу ротасы бөлімшесінің командирі Ерік Қасымбековке нарядта қызмет атқарғаны үшін демалыс берілген болатын.

Кіре берістегі айқайды естіген ол тез арада пәтерінен жүгіріп шығады. Әскери қызметші көршілерінен қарт кісі тұратын пәтердің жанып жатқанын естіп біледі. Ерік Қасымбеков еш ойланбастан пәтерге кіріп, қарт кісіні қауіпсіз жерге алып шығады.

Әскери қызметшінің бұл батыл әрекеті назардан тыс қалмады. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс подполковнигі Игорь Жуков Ерік Қасымбековке салтанатты жағдайда марапат табыстады.

«Қарулы күштер әскери қызметшісінің батыл қимылы адам өмірін сақтап қалды. Ол отқа оранған пәтерден 84 жастағы әйелді құтқарып алып шықты. Оның жанқиярлық әрекеті ескерілмей қалған жоқ. Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ерік Қасымбеков ведомстволық медальмен марапатталды», – деді облыстық департамент өкілі.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата