
Соңғы 10 жылда 1000 аурухана салынды. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың пікірінше, тағы да осынша денсаулық сақтау мекемесі қажет. Бірақ соңғы кездері аумағы атшаптырым емхана салу сәнге айналып барады. Оған қыруар қаржы керек екені белгілі. Бүгін Үкімет отырысында осы мәселеге тоқталған премьер-министр ақшаны босқа шашатындарды сынады.
Ол «Өздеріңізге белгілі болғандай, біз соңғы он жылда 1000-ға жуық денсаулық сақтау мекемесін салдық. Алайда халық саны өсіп, ескі ғимараттар сүрілуде. Соңғы сараптама бойынша бізге тағы да осынша емхана салу қажет. Енді мұның өзін үлкен мәселе болып тұр. Соңғы кездері 500 адамға арналған ғимараттың өзін үлкен сарай етіп салып, оған 2 гектар жер бөлеміз. Бұны біз қайта қарап шығуымыз қажет» — деді.