jasqazaq.kz

Елжан Біртановтың апелляциялық соты тағы кейінге шегерілді

06 қантар 2023, 17:17

Бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің үстінен қозғалған аппеляциялық сот тағы кейінге қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің ісі бойынша апелляциялық сот өтті.

ZOOM платформасы арқылы өткен сот отырысы ұзаққа созылмады.

«Елжан Амантайұлы әлі ауырып жатыр. Емделу мерзімін келесі дүйсенбіге дейін ұзартты. Сондықтан апелляциялық сот отырысын кейінге қалдыруды сұраймыз», — деді Е.Біртановтың адвокаты Серік Сағалиев.

Өз кезегінде істі қарауды кейінге шегеруді сотталушы Олжас Әбішев пен бұрынғы министрдің қорғаушысы Есжан Біртанов та қолдады.

«Келесі сот отырысы 10 қаңтар сағат 10:00-ге белгіленді. Сот отырысы офлайн форматта және ашық өтеді», — деді судья Айбек Әмірғалиев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде