jasqazaq.kz

Еліміздегі 27 қалада кәріздік-тазарту ғимараты жоқ

27 желтоқсан 2022, 11:55

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кәріздік-тазарту ғимарттары ең алдымен қай қалаларға салынатын айтты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, Президент тапсырмасымен 2023-2028 жылдары кәріздік-тазарту ғимарттары салынады.

«Бүгінгі күні республика бойынша 89 қаланың 27-сінде кәріздік-тазарту ғимараттары жоқ, 41 қалада тозу деңгейі 60%-дан жоғары. 3 қалада жобаларды іске асыру басталды, олар: Сарыағаш, Атырау, Форт-Шевченко қалалары. Келесі жылы Ақтау, Ленгер және Шымкент қалаларында 3 жобаны жүзеге асыруға қаражат қаралған», — деді деді министр Үкімет отырысында.
Қалған 62 қала бойынша министрлік қаржыландырудың екі тәсілін әзірлеген.

«Біріншісі – халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын мемлекеттік кепілдікпен тарту. Аталмыш тәсіл халық саны 45 мың адамнан асатын 26 ірі қалада кәріздік-тазарту ғимарттарының құрылысына қолданылады. Екіншісі – республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен іске асырылады. Бұл тәсіл халық саны 45 мың адамнан аспайтын 36 шағын қалада жүзеге асатын жобаларға қатысты», — деді Қ. Өскенбаев.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында кәріз тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту мәселелері қаралып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде