jasqazaq.kz

Елімізде су тарифі қымбаттауы мүмкін

23 қантар 2023, 16:23

Қазақстанда су тарифі өзгеруі мүмкін. Аталған мәселе бойынша Экология министрлігі құзырлы органдарға ұсыныс әзірлеп жатыр. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі cу ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде республикаға қарасты 3440 су каналы жүйелері бар. Шаруаларға су сол жүйелер арқылы жеткізіледі. Су каналы жүйелері кезінде коммуналдық меншікте болып, көбі қазіргі су тарифіне кірмеген. Яғни қазіргі тариф бойынша оларды күтіп ұстауға қаржы қарастырылмаған. Осы орайда биыл біз мемлекеттік құзырлы органдарға өз ұсынысымызды жолдаймыз. Келесі жылы әділетті су тарифі бекітіледі деп ойлаймыз»,- деді Досбол Бекмағамбетов «Қазгидромет» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, су қоймаларын күтіп ұстау — үлкен мәселе.

Сондай-ақ, спикер су саласы мамандарының жалақысы мәселесін көтерді.

«Су саласы қызметкерлері — еліміздегі ең төмен жалақы алатындардың бірі. Сондықтан да проблеманы тариф арқылы шешпесек, басқа жолы жоқ. Мемлекеттен қаржы алмаймыз, қанша көлемде су жеткіземіз, соны ақысын шаруалардан жинап аламыз»,- дейді ол.

Досбол Бекмағамбетовтің дәйегінше, бүгінде су саласы мамандарының орташа жалақысы 90 мың теңгеден аспайды.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики