jasqazaq.kz

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің 55,4% – әйелдер

08 наурыз 2023, 12:09

Елімізде 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7% болса, былтыр 55,4%-ға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов 8 наурыздағы құттықтауында айтты.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі кезеңде әйелдер қауымы қоғамдық өмірдің ең белсенді бөлігіне айналып отыр.

«Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған. Бұл – еңбек майданында жүрген жалпы халықтың 48%-ы. Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына тұруға қыздарымыз белсенділік танытады. Былтыр 30 мыңға жуық жас бойжеткен жұмысқа орналасып, алғашқы еңбек жолын бастады. Мемлекет бизнеспен айналысуға ниетті әйелдерді бүтіндей қолдап келеді. Оларды оқытып, әрі қарай жұмысқа тұруына немесе бизнес әлеміндегі бағын сынауына мүмкіндік береді. Гранттар мен жеңілдікті қарыз бөліп, субсидияланған және кепілдендірілген несие ұсынады.
ЭЫДҰ деректеріне сай, Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 45% болып отыр.

Бұл – АҚШ және Түркия елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Әйелдердің денсаулығына да зор көңіл бөлініп келеді. Тек 2022 жылдың өзінде ғана ана өлім-жітімінің 2,6 есеге азайған. Біздің елімізде әйелдер ер-азаматтармен қатар иық тірестіре жүріп, мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысып отыр. Егер 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7% болса, былтыр 55,4%-ға жетті. Үкімет, сондай-ақ, меншігінде мемлекеттің қатысу үлесі бар компаниялар басшылығында әйелдердің үлесін 30%-ға дейін кезең-кезеңмен арттыру шараларын қабылдап жатыр. Әйелдерді әлеуметтік қолдау мәселесі де назардан тыс қалмайды. Ана мен баланы қорғау, көп балалы аналарға, бала асырап алынған отбасыларға көмек көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, үлкендерге қамқорлық жасау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары болып қала бермек», — деді.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан гендерлік теңдік орнаған қоғам қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. 2022 жылы Қазақстан осы саладағы табысты реформалардың арқасында «Гендерлік алшақтық индексі» (Global Gender Gap Index) рейтингі бойынша 15 позицияға жоғарылап, 146 елдің арасында 65-орынды иеленді.

Премьер-министр әйелдердің 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына шаттық тіледі

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата