jasqazaq.kz

Елімізде қанша адам Отан алдындағы борышын өтегісі келмей жүр?

27 қантар 2023, 17:32

Елімізде қанша адам Отан алдындағы борышын өтегісі келмей жүргені белгілі болды, деп хабарлайды JQ-Aqparat.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарулы Күштер бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев қанша азамат Отан алдындағы әскери борышын өтемей жүргенін айтты.

Былтырғы, яғни 2022 жылғы статистика бойынша елімізде қашып жүрген емес, іздеуде жүрген азаматтар саны 30 мыңнан асады. Салыстырмалы түрде 2021 жылы бұл көрсеткіш 37 мыңнан асатын, — деп айтты Қарулы Күштер өкілі.

Сөзінше, іздестіру жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың келісімімен жүргізіледі.

Жергілікті басқару органдары мен полиция өкілдері жоспар құрып, азаматтарды іздестіріп, оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізу жұмыстарын жүргізеді, — деп толықтырды Руслан Тапашев.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді