jasqazaq.kz

Елімізде алғаш рет Turkvision байқауы өтеді

15 ақпан 2017, 18:55

Елімізде тұңғыш рет Turkvision байқауы өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлім етті. ҚазАқпарат хабарлағандай,  2017 жылдың айтулы оқиғасының  бірі — «Turkvision» заманауи эстрада әндері байқауы болмақ. Бұл байқау түркі халықтарының тамыры бір екендігін насихаттайды. Байқау елімізде алғаш рет өткізілмек. Бұл қазіргі уақытта келісілген дүние. Біз қонақ ретінде бұған дейінгі байқауларға жеңіске жеткендерді шақырудамыз», — деді ол. Turkvision — түркі тілдес мемлекеттер арасындағы эстрадалық әндер байқауы. Байқауға түркі тілдес мемлекеттер, түркі тілдес автономдық аудандар мен түркі тілдес халқының көпшілігі бар мемлекеттер ғана қатыса алады. Қатысушы елдер мен аудандар байқауды жартылай финалдан бастайды. Әр қатысушы мемлекетінің төрешілері өз мемлекетінен басқа қатысушыларға 1-ден 10-ға дейін балл бере алады. Жартылай финалдағы үздік 12 қатысушы финалға жолдама алады.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық