
Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан WTA 500 турниірінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ширек финалға шықты.
Іріктеу кезеңінде чехиялық Каролина Плишкованы екі сетте ұтты. Тартысты ойын 1 сағат 10 минутқа созылды. Қазақстанның бірінші ракеткасы енді жартылай финал жолдамасы үшін әлемнің 14-ракеткасы бразилиялық Беатрис Аддад- Маяға қарсы кортқа шығады. Бразилиялық теннисші іріктеу сынында тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваны ұтқан болатын.
@jasqazaq.kzЕлена ширек финалға шықты
JQ-Aqparat