jasqazaq.kz

Электронды билет үнемді

29 шiлде 2016, 16:37

Астанада электронды билет енгізіледі дегелі де жарты жылға жуық уақыт өтті, бірақ әлі күнге енгізілген жоқ. Егер электронды билет енгізілсе, ол тұрғындарға өте тиімді болғалы тұр.

Бұл ең бірінші кезекте жұмысқа екі автобуспен баратындар үшін тиімді болады. Жолаушы автобусқа мінгенннен кейін бір рет төлем жасайды, сосын жарты жолда түсіп қалып, келесі автобусқа отырса да екінші мәрте жолақысын төлемейді. Электронды билеттің бір артықшылығы сол, мұнда жолаушы аялама мен аялдама арасына емес, өзінің баратын соңғы нүктесіне дейін бір рет 90 теңге көлемінде төлем жасайды.

–Мәселен, экспресс-маршруттармен жүретіндер 150 теңге көлемінде жолақы төлейді. Сосын бір аялдамадан түсіп қалып, келесісіне отырғанда тағы төлем жасайды. Бұл тұрғындардың қалтасына біраз салмақ түсіретіні сөзсіз. Ал электронды билетпен өзінің қалаған жеріне бір рет қана төлем жасап бара алады. Сондықтан электронды билетті тезірек енгізу керек, – деген мәселе көтерді Астана әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов өздерінің жиынында.

Әкімдіктен келген құзырлы орган өкілдерінің айтуына қарағанда, осы тамыз айында бұл жүйе енгізілуі мүмкін. Қазір дайындық жұмыстары аяқтала келген сыңайлы.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық