jasqazaq.kz

Елбасы жастарға Билл Гейтс пен Uber компаниясын үлгі етті

01 желтоқсан 2016, 16:16

elbasy

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Республикалық жастары форумы өтті. Форум жұмысын ашқан мемлекет басшысы еліміздің сан қиындықтардан мойымай өтіп, осындай деңгейге жеткеніне тәубә деу керектігін айтты. Сонымен қатар Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кәсіп ашу барысында Билл Гейтс пен Uber қосымшасын жасаушылардан үлгі алуға шақырды, дейді BAQ.kz тілшісі.

«Билл Гейтстің өз компаниясын гаражда жасағанын білеміз және қазіргі уақытта оның трансұлттық компаниясы бар. Сіздер Uber компаниясын да білесіздер. Гаражы да, стансасы да, автомобильдері де жоқ. Ал бірақ, тасымалмен айналысады. Телефонмен қоңырау шаласыз және екі минуттың ішінде машина дайын. Барар жеріңізге жеткен соң, босатасыз. Біз машина сатып аламыз. Статистикалық есептеулерге сәйкес оны күніне 4 сағат пайдаланады екенбіз. Ал ұрлап кетпесін, соғып кетпесін деген уайымы, күту, жанармай құю, жөндеу сынды шығыны қаншама. Ал мына жерде ештеңенің де қажеті жоқ. Бұл технологияны енгізуге байланысты автомобиль шығару қысқаратындығы күтілуге. Мұндай мысалдар өте көп», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы елімізде «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету үшін баса назар аударылып отырғанын атап өтті.

«Тек бірінші жартыжылдықта ғана мемлекет жастардың 55 жобасын қолдаған. Біздің міндетіміз — шағын және орта бизнестің экономикадағы өнімнің жартысынан көбін шығаруы. Сонда мемлекет тұрақты болады. Барлық уақытта да ойлау қажет. Мұндайды ойлап шығарғандардан біз кембіз бе? Икемді бизнес экономикалық құбылмалықтан барынша аз зардап шегеді», — деді Назарбаев.

Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астас белсенді жастары қатысуда. Елбасы жастарды бүгінгі мерекемен құттықтады. Тіпті Елбасы жастардың көңілін көтеру үшін оларға әзіл де айтып берді. Сонымен бірге қазіргі жастардың бизнеспен айналысып жүргенін де атап өтті.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде