jasqazaq.kz

Ел бюджеті әлеуметтік бағдарын сақтайды

23 желтоқсан 2025, 16:59

Бүгінде әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар мемлекеттік бюджет құрылымында шамамен 53%-ды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл барлық бюджет қаражатының жартысынан көбі және осы бағыттағы шығындар әлі де артып келеді. Мысалы, МӘМС жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 300 млрд теңге бөлінсе, 2026 жылға 800 млрд теңге жоспарланған.
«Орташа жылдық өсім шамамен 24%-ды құрайды. Бұл жақсы және тұрақты қарқын. Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жұмсалатын шығындар 2020 жылы 1 трлн теңгеден астам болса, 2026 жылға арналған жоспар 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды»,
— деп атап өтті Серік Жұманғарин.
JQ-Aqparat
Сурет: gov.kz

Бүгін, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін